11.05.2012, 13:10 2958

Оралда журналиске шабуыл жасаған төрт күдікті ұсталды

"6 мамырда аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен БҚО-ның төрт тұрғыны ұсталып, оның екеуі қамауға алынып, тағы екеуіне қатысты ешқайда шықпау туралы қолхатпен үйқамаққа алу жазасы белгіленді. Бүгінгі күні қолда бар мәліметтердің бәрі қылмысты жасаудың еш саяси астары жоқ екенін дәлелдеп отыр. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалған ақпарат тергеу жұмысына кедергі келтірмес үшін таратылмайды", - деп мәлім етті Орал қаласының прокуроры Батыр Жазабаев.

Орал. 11-мамыр. Kazakhstan Today - "Уральская неделя" журналисті Лұқпан Ахмедьяровқа шабуыл жасады деген күдікпен төрт азамат ұсталып, екеуі ешқайда шықпау қолхатымен үйлеріне жіберілді., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Орал қаласының прокуроры Батыр Жазабаевмәлім етті.

"6 мамырда аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен БҚО-ның төрт тұрғыны ұсталып, оның екеуі қамауға алынып, тағы екеуіне қатысты ешқайда шықпау туралы қолхатпен үйқамаққа алу жазасы белгіленді. Бүгінгі күні қолда бар мәліметтердің бәрі қылмысты жасаудың еш саяси астары жоқ екенін дәлелдеп отыр. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалған ақпарат тергеу жұмысына кедергі келтірмес үшін таратылмайды", - деп мәлім етті Орал қаласының прокуроры Батыр Жазабаев.

Зардап шеккен журналист Лұқпан Ахмедьяров өз-өзін жақсы сезіне бастады. Ол журналистерге сұхбат берді.

"Қазір менің жағдайым 19 сәуірдегі халіммен салыстырғанда әлдеқайда жақсы. Дәрігерлер ауруханадан емдеп шығарды. Екпе салу мен дәрі тамызғыштардың мерзімі аяқталып, жараны таңу ғана қалды. Жарамды емханадағы мейірбикелер таңып береді. Психологиялық күйім соншалықты жақсы емес. Кім және не үшін маған шабуыл жасады деген сұрақтар маза бермейді. Барлық жаңалықтарды БАҚ арқылы біліп отырмын", - деді Лұқпан Ахмедьяров.

Журналиске шабуыл жасау оқиғасы бойынша ҚР ҚК 24 пен 96 баптарының 1 және 2 бөлімдеріне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Естеріңізге сала кетейік, Оралда 19 сәуір күні сағат 22.30 шамасында журналист Лұқпан Ахмедьяровқа қарулы шабуыл жасалды. Бұған дейін хабарланғандай, қылмыс Бас прокуратураның бақылауына алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны