15.06.2017, 14:19 3704

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныӊ депутаттарын сайлауға халықаралық ұйым мен шет мемлекеттердіӊ 54 байқаушысын аккредиттеді

Аталған қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігініӊ ұсынуы бойынша ТМД-дан байқаушылар миссиясыныӊ құрамында 40 байқаушыны, шет мемлекеттерден - 14 байқаушыны аккредиттеді.

Астана. 15 маусым. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 14 маусымда Орталық сайлау комиссиясы "2017 жылғы 28 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныӊ депутаттарын сайлауға халықаралық ұйым мен шет мемлекеттердіӊ байқаушыларын аккредиттеу туралы" қаулы қабылдады.

Аталған қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігініӊ ұсынуы бойынша ТМД-дан байқаушылар миссиясыныӊ құрамында 40 байқаушыны, шет мемлекеттерден - 14 байқаушыны аккредиттеді.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 15 шет мемлекеттен, сондай-ақ сайлауды байқауға қатыса алатын шетелдік БАҚ-тардыӊ 116 өкілін аккредиттеді.

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардыӊ байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2017 жылғы 22 маусымға дейін жүзеге асырады.

Өзініӊ сөзінде Ортсайлаукомныӊ мүшесі М.Сәрсембаев сайлаудыӊ жанама болғанына қарамастан, сайлау науқанына деген қызығушылықтыӊ жоғары екенін атап көрсетті. Аккредиттеу процесі жалғасып жатыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны