21.11.2018, 13:21 10074

Орталық сайлау комиссиясы "Сайлау алдындағы үгіт пен сайлау күнін БАҚ жария ету ерекшеліктерініӊ мониторитнгі" тақырыбында семинар-тренинг өткізді

Сонымен қатар сайлауларды байқауға қатысқан ҚР мемлекеттік органдарыныӊ өкілдері Ресей Федерациясындағы, Изербайжан мен Грузиядағы сайлауды байқауға қатысу, оныӊ ішінде бұқаралық ақпарат құралдары жұмысыныӊ мониторингі мәселелері бойынша тәжірибесімен бөлісті.

Астана. 21 қараша. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен бірге халықаралық байқаушыларға арналған "Сайлау алдындағы үгіт пен сайлау күнін бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ жария ету ерекшеліктерініӊ мониторитнгі" тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренинг жұмысына ҚР Президенті Икімшілігініӊ, ҚР Конституциялық Кеӊесініӊ, ҚР Жоғарғы Сотыныӊ, ҚР Бас прокуратурасыныӊ, Қазақстан Республикасыныӊ министрліктері мен ведомстволарыныӊ, үкіметтік емес ұйымдарыныӊ өкілдері қатысты.

ҚР Орталық сайлау комиссиясыныӊ Төрағасыныӊ орынбасары Константин Петров семинар-тренингке қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі. Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисі басшысыныӊ орынбасары Диана Дигол өз сөзінде ЕҚЫҰ-ға қатысушы барлық мемлекеттер жалпыға бірдей және теӊ сайлау құқығын демократиялық сайлау процесініӊ негізгі қағидаты ретінде мойындайтынын, оны сақтауға кепілдік беру міндеттемесін алғанын, сондықтан ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердегі сайлауды байқауға көп көӊіл бөлетінін атап көрсетті.

ҚР ОСК мүшесі Зәуреш Баймолдина өз сөзінде Қазақстан Республикасында сайлау алдындағы үгітті және сайлау күнін құқықтық реттеу новелларын атап өтті.

Семинар-тренинг шеӊберінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ныӊ сайлау жөніндегі кеӊесшісі Радивое Груичтіӊ "Бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ сайлау процесіндегі рөлі" тақырыбында және ЕҚЫҰ сарапшысы Растислав Кузелдіӊ "Бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ сайлауды жария етуін реттеу және сайлауды байқау жөніндегі халықаралық миссияларда бұқаралық ақпарат құралдары мониторингініӊ практикалық аспектілері" тақырыбында тұсаукесерлері өтті.

Сонымен қатар сайлауларды байқауға қатысқан ҚР мемлекеттік органдарыныӊ өкілдері Ресей Федерациясындағы, Изербайжан мен Грузиядағы сайлауды байқауға қатысу, оныӊ ішінде бұқаралық ақпарат құралдары жұмысыныӊ мониторингі мәселелері бойынша тәжірибесімен бөлісті.

Семинар-тренингтіӊ жұмысы барысында бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ қызметі және олардыӊ сайлауды жария етуі, сондай-ақ сайлау алдындағы үгіт кезеніӊде БАҚ мониторингініӊ мәселелері ерекше қызығушылық тудырып, жемісті талқыланды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны