29.06.2017, 14:57 4158

Орталық сайлау комиссиясы Сенат депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарды

2017 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы отырыс барысында 2017 жылғы 28 маусымға болған ҚР Парламенті Сенатыныӊ депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтады.

Астана. 29 маусым. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы отырыс барысында 2017 жылғы 28 маусымға болған ҚР Парламенті Сенатыныӊ депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтады.

Сайлау Қазақстан Республикасы Президентініӊ 2017 жылғы 28 сәуірдегі Жарлығына, ҚР Конституциясына және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заӊына сәйкес жүргізілді.

Ир облыстан, Астана және Алматы қалаларынан бір депутаттан барлығы 16 депутат сайланды.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларыныӊ сайлау бойынша дауыстарды санаудыӊ қорытынды хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасыныӊ 14 облысында, Астана және Алматы қалаларында ҚР Парламенті Сенатыныӊ депутаттарын сайлау өтті деп хабарлайды.

Сайлау науқаны барысында барлығы 89 үміткер ұсынылды. 38 кандидат сайлау бюллетеньдеріне енгізілді. Сайлауға 3242 таӊдаушы қатысты.

ҚР Парламенті Сенатыныӊ депутаттарын сайлау барысында 518 халықаралық және отандық байқаушы, 244 қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілі қатысты.

Сайланған депуттардыӊ 7-н мәслихаттар ұсынса, 9 өзін-өзі ұсынғандар. ҚР Парламенті Сенатыныӊ депутаттығына кандидаттардыӊ орташа жасы -56,7 жас.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныӊ депутаттарын сайлау қорытындысы бойынша сайланғандар (www.election.gov.kz сайтындағы жеке парақшаға сілтеме):

Ақмола облысынан - Иділбеков Дәурен Зекенұлы;

Ақтөбе облысынан - Жұмағазиев Мұхтар Сабырұлы;

Алматы облысынан - Қылышбаев Нұрлан Наурызұлы;

Атырау облысынан - Дүйсембаев Ғұмар Ислямұлы;

Батыс Қазақстан облысынан - Төреғалиев Нариман;

Жамбыл облысынан - Нұрәлиев Ибдәлі Тоқбергенұлы;

Қарағанды облысынан - Ибдікеров Рысқали;

Қостанай облысынан - Нұрғалиев Жеӊіс Мирасұлы;

Қызылорда облысынан - Бақтиярұлы Мұрат;

Маӊғыстау облысынан - Шелпеков Бақтыбай Ақбердіұлы;

Оӊтүстік Қазақстан облысынан - Құртаев Илімжан Сейітжанұлы;

Павлодар облысынан - Нұрсипатов Нұржан Нұрланбекұлы;

Солтүстік Қазақстан облысынан - Сұлтанов Ерік Хамзаұлы;

Шығыс Қазақстан облысынан - Мусин Дүйсенғазы Мағауияұлы;

Астана қаласынан - Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы;

Алматы қаласынан - Нүкетаева Динар Жүсіпәліқызы.

Сайлау комиссиялары қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды сайлау заӊнамасында белгіленген барлық рәсімдерді сақтай отырып, жүргізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны