11.06.2007, 13:45 2752

Осы жылдың бес айында екі тоннадан астам есірткілік заттар, соның ішінде 57 килограмм героин заңсыз айналымнан алынды - ҚР ІІМ есірткі саудасына қарсы күрес комитеті

АСТАНА. 11-маусым. Kazakhstan Today. Осы жылдың бес айында екі тоннадан астам есірткілік заттар, соның ішінде 57 килограмм героин заңсыз айналымнан алынды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ есірткі саудасына қарсы күрес комитетінен хабарлады.

Елімізде 25-мамырдан бері "Мак-2007" атты шара өткізілуде. Ол қазанға дейін созылады. Шара басталғаннан бері есірткілік заттардың заңсыз айналымына қатысты 626 қылмыс, соның ішінде 176 сату дерегі анықталды. 2 тоннадан астам түрлі есірткілік заттар, соның ішінде 10 килограмм героин анықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны