12.01.2021, 14:48 10031

ОСК-да Қазақстандағы парламенттік сайлаудың қорытындылары жарияланды

Нұр-Сұлтан. 12 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында (ОСК) Қазақстандағы парламенттік сайлаудың қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Сайлаушылар саны 11 919 241 құрады, сайлау бюллетеньдерін 7 539 280 адам немесе 63,25% алды.
 
Саяси партияларға 7 241 562 дауыс берілді. Дауыстарды бөлу келесідей:
 
Қазақстан Халық партиясы - 659 019 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 9,10 проценті;
 
 "Nur Otan" партиясы - 5 148 074 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 71,09 проценті;
 
 "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 383 023 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 5,29 проценті;
 
 "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы - 792 828 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 10,95 проценті;
 
ADAL саяси партиясы - 258 618 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 3,57 проценті.
 
Осылайша, 7 пайыздық кедергіні үш саяси партия: Қазақстанның Халық партиясы, "Nur Otan" партиясы және "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы еңсерді. Бұл партиялар мандаттарды бөлуге рұқсат етілген. Депутаттық мандаттарды бөлу келесідей:
 
 "Nur Otan" партиясы – 76;
 
 "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы – 12;
 
Қазақстан Халық партиясы – 10. 
 
 
11 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы өтті.
 
Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындылары:
 
Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы - 298 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 84,90 проценті;
 
Амирханян Аветик Рубенович - 270 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 76,92 проценті;
 
Буларов Ильяс Юсупович - 274 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 78,06 проценті;
 
Дементьева Наталья Григорьевна - 292 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 83,19 проценті;
 
Ли Юрий Виссарионович - 282 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 80,34 проценті;
 
Набиев Вакиль Гусейнович - 285 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 81,19 проценті;
 
Осин Шамиль Абзалетдинович - 271 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 77,20 проценті;
 
Тохтасунов Владимир Имтахунович - 277 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 78,91 проценті;
 
Хамедов Абилфас Муслимович - 290 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 82,62 проценті. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны