06.09.2023, 12:23 10301

ОСК Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум өткізуге дайын

Қазақстанда атом электр стансасын салу бойынша референдум нақты қашан өткізілетіні әлі белгісіз
ОСК Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум өткізуге дайын
Сурет: pixabay.com
Мәжіліс кулуарынд ҚР ОСК мүшесі Шавкат Өтемісов сайлау комиссиясы Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесі бойынша референдум өткізуге дайындалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Референдум өтетін күн кейінірек белгіленеді, бірақ ОСК қазірдің өзінде дайындықты бастап кеткен.

Барлық қажетті дайындық жұмыстарын, соның ішінде сайлаушылар тізімін жасау, аумақтық сайлау комиссиялары атқаруы тиіс жұмыстарды жүргізу, бәрін жоспарлы режимде жүргізуге дайынбыз", - деді Шавкат Өтемісов.


ОСК мүшесі Қазақстанда атом электр стансасын салу бойынша референдум нақты қашан өткізілетіні әлі белгісіз екенін айтты.

Шавкат Өтемісов референдум биыл өтетін болса, ОСК мұндай шешімге дайын екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында АЭС салу мәселесіне қатысты түпкілікті шешім референдум арқылы қабылданатынын айтты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны