04.02.2019, 14:04 9707

Қостанай шекара отрядына қарасты "Обаған" заставасының аумағында шекарашылар Ресейден келген шекара бұзушыны ұстады

Айта кетерлігі, екі күн бұрын бұл азамат Қазақстан аумағына кіруге тыйым салынғандар тізімінде болғандықтан "Ақбалшық-авто" өткізу бөлімшесінен елімізге кіргізілмей, кері қайтарылған болатын.

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Қостанай шекара отрядына қарасты "Обаған" заставасының аумағында шекарашылар Ресейден келген шекара бұзушыны ұстады.

Өткен түнде, сағат 22.30-дар шамасында "Обаған" шекара заставасында "Радиотосқауыл" кешені дабыл берді. Бұл ел аумағына "шақырылмаған қонақ" келгендігін білдіреді. Дабыл тобы шұғыл түрде шекара сызығына қарай аттанып, Ресейден біздің елімізге қарай кірген бір жаяу адамның ізін тапты. Түнде көретін, жылу сезетін, т.б. арнайы құралдар көмегімен, сағат 23.15-те 1989 жылы туған Ресей азаматы ұсталды.

Айта кетерлігі, екі күн бұрын бұл азамат Қазақстан аумағына кіруге тыйым салынғандар тізімінде болғандықтан "Ақбалшық-авто" өткізу бөлімшесінен елімізге кіргізілмей, кері қайтарылған болатын.

Құқық қорғау органдары және Ресей Федералдық Қауіпсіздік қызметінің Қорған, Тюмен шекара аумақтары бойынша жедел кезекшісі хабарланды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны