06.05.2015, 22:56 3854

Отан соғысындағы жеӊістіӊ 70 жылдығы мерекесі қарсаӊында Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қызметтерін мінсіз атқарған қазақстандық шекарашыларға марапат тапсырды.

Астана. 06 Мамыр. Kazakhstan Today - Ұрпақтар сабақтастығына қай уақытта да үлкен мән беруіміз керек. - деп атап өтті Елбасы, - алдыӊғы буын ағалардыӊ тамаша дәстүрлерін жалғастырып келе жатқан жас буын өкілдерін осындай мереке қарсаӊында марапаттап отыру орынды болмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еліміздіӊ бейбіт өмір сүруі, ел тыныштығыныӊ бұзылмауы жолында қазақстандық әскери қызметшілер үлкен еӊбек сіӊіріп келеді. Олар еліміздіӊ егемендігі мен тәуелсіздігін көздіӊ қарашығындай күзету үстінде. Елдегі тыныштық пен тұрақтылық біздіӊ басты байлығымыз екендігі сөзсіз.

Искери-жауынгерлік қызметінде қол жеткізген жоғары табыстары үшін Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі авиациялық базасы командирініӊ орынбасары полковник Мұрат Қаушеновке Елбасы өз қолымен ІІ дәрежелі "Айбын" орденін тапсырды.

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметініӊ "Жағалау күзеті" өӊірлік басқармасыныӊ "Сақшы" шекаралық кемесініӊ командирі капитан-лейтенант Ерболат Қалишевке "Ерлігі үшін" медалі табысталды.

Осы орайда "Сақшы" шекаралық кемесініӊ теӊізге 37 рет сапарға шыққандығын, барлық сапардыӊ 233 тәулікке созылғандығын айтқан орынды. Жоғары деӊгейде ұйымдастырылған әскери-жауынгерлік қызметтіӊ арқасында Каспий теӊізініӊ айдынында заӊсыз жүрген 25 дана шағын жүзу құралдары ұсталды, атап айтқанда, оныӊ 18-і мемлекеттік шекараны бұзғандықтары үшін тұтылса, 7-уі теӊізге шығу ережелерін бұзғандықтары үшін ұсталды. Сондай-ақ, аталған жүзу құралдарынан Ресей Федерациясыныӊ 55 азаматы, өз еліміздіӊ 21 азаматы қолға түсті. Браконьерлік балық аулау құралдары да аз емес - 7000 метр коллад, 16 346 метр тор, 255 дана бекір тұқымдас балық тәркіленді.

Шекарашылардыӊ қызмет барысында басқа да ведомство өкілдерімен бірлесе жұмыс істейтін кездері де кездесіп тұрады. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе отырып "Сақшы" кемесі жоғалған балықшы қайықты іздеуге атсалысты. Уақытында келіп жеткен көмектіӊ нәтижесінде еліміздіӊ екі азаматы құтқарылды. Сол жылы Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе отырып "Сақшы" кемесі Каспий теӊізініӊ солтүстік бөлігінде қиындыққа тап болған жеӊіл моторлы ұшаққа көмек көрсетті. Шекарашылардыӊ көмегініӊ арқасында ұшақтағы шетелдік екі азамат өлім аузынан аман қалды.

Марапат тапсыру соӊында Қазақстан Республикасыныӊ Президенті барлық марапат иелерін мерекемен қызу құттықтай отырып, барлықтарына мықты денсаулық, баянды бақыт пен ұзақ өмір, қызметтеріне табыс тіледі.

ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны