28.06.2012, 13:17 2771

Отандық өнімді әлемдік нарықтарға шығаруға арналған көліктік-логистикалық кешен құрылады

Аталған құжат қазақстандық тауарларды дүниежүзілік өткізу нарықтарына жылжыту және елдің транзиттік әлеуетін барынша пайдалану мақсатында көліктік логистикалық кешен құру мақсатын көздейді. Бұл ретте заң арқылы халықаралық маңызды мәртебесі бар теңіз порттарын ел Үкіметі айқындаған шарттар мен ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық компаниялардың акцияларын төлеуге мүмкіндік жасайтын өзгерістер енгізу қарастырылған.

Астана. 28-маусым. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" және "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" ҚР заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталған құжат қазақстандық тауарларды дүниежүзілік өткізу нарықтарына жылжыту және елдің транзиттік әлеуетін барынша пайдалану мақсатында көліктік логистикалық кешен құру мақсатын көздейді. Бұл ретте заң арқылы халықаралық маңызды мәртебесі бар теңіз порттарын ел Үкіметі айқындаған шарттар мен ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық компаниялардың акцияларын төлеуге мүмкіндік жасайтын өзгерістер енгізу қарастырылған.

Сондай-ақ, Парламент қабылдаған заңда халықаралық маңызды мәртебесі бар теңіз порттарының жекешелендіруге жатпайтыны белгіленіп отыр. "Құжат Елбасының Үкіметке жүктеген тапсырмасына және таяуда өткен Астана экономикалық форумында жүктеген міндеттерін жүзеге асыруға құқықтық негіз қалыптастырады. Атап айтқанда, Президент Қазақстанда әлемдік сауда-логистикалық және іскерлік хаб ретінде қалыптасуын қамтамасыз етуді жүктеген еді. Бұл ретте жаңа Жібек жолының басты элементі - бұл "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында негізі қалыптасатын логистикалық хаб, әлемдік деңгейдегі көлік логистикалық компаниясы болып табылады. Ол Қазақстан экспортын әлемдік өткізу нарықтарына тиімді жылжытуды қарастырады",- деді құжат туралы баяндаған сенатор Жұмабек Төрегелдинов. Оның айтуынша, жаңа көліктік логистикалық компания елдің көлік әлеуетін толық әрі жан-жақты пайдаланатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны