30.04.2015, 21:48 7466

"Отар" 40-шы әскери базасы үздік әскери қызметшіні таӊдайды

2015 жылдыӊ 5 мамыры күні Гвардейск гарнизонында Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығы қарсаӊында "Отар" 40-шы әскери базасыныӊ үздік жауынгері" атты жарыс өтеді. "БіздіӊҰлы Жеӊістегі жетістігіміз!" ұранымен өтетін шараға Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері, тыл еӊбеккерлері, интернационалист жауынгерлер, мектеп оқушылары шақырылды

Астана. 30 сәуір. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 5 мамыры күні Гвардейск гарнизонында Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығы қарсаӊында "Отар" 40-шы әскери базасыныӊ үздік жауынгері" атты жарыс өтеді. "БіздіӊҰлы Жеӊістегі жетістігіміз!" ұранымен өтетін шараға Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлері, тыл еӊбеккерлері, интернационалист жауынгерлер, мектеп оқушылары шақырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Отар" 40-шы әскери базасыныӊ үздік жауынгері" атағы жауынгерлік даярлығы мықты, әскери тәртібі жоғары, сондай-ақ сынақ жаттығуларын сәтті тапсырған офицерлерге, келісімшарт бойынша сержанттарға, қатардағы жауынгерлерге беріледі. Жарыс бағдарламасына 10 шақырымдық шеру, кедергі жолақтарын меӊгеру, жерасты үӊгі жолдары мен бұзылған көпірден өту, 5 метрлік қабырғаға шығу, тас қабырғадан, батпақтан, қолдыӊ көмегімен биік баспалдақтан өту, қол күрес сайысы, сондай-ақ атыстан 4 тексеру жаттығуын орындау кіреді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Барлық кедергілерді қатесіз қысқа мерзім ішінде игеріп, атыстан 4 бақылау жаттығуын орындау кезінде кемінде 50 балл жинаған әскери қызметші жеӊімпаз болып танылады.

Алда әскери бөлімдерде кандидаттарды іріктеу міндетті медициналық тексеруден кейін жауынгерлік даярлықтыӊ қорытындысы бойынша ай сайын өткізілетінін атап өткен жөн. Сонымен бірге барлық үміткерлер мандаттық комиссиядан өтеді. Осы орайда сынақ жаттығуларын сәтті орындап шыққан әскери қызметшілерге "Отар" 40-шы әскери базасыныӊ үздік жауынгері" құрметті атағы беріліп, базаныӊ жеке құрамы алдында салтанатты түрде төс белгілері мен ерекше белгісі бар берет табыс етіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны