20.12.2011, 11:21 4173

Өткен тәулікте Жаңаөзен мен Шетпе ауылында қылмыс тіркелген жоқ

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жаңаөзен, Ақтау қалалары мен Шетпе ауылындағы, сондай-ақ аймақ бойынша жалпы жағдай тұрақты және құқыққорғау органдарының қатаң бақылауында.

Астана. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жаңаөзен мен Шетпедегі жағдай тұрақты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Жаңаөзен, Ақтау қалалары мен Шетпе ауылындағы, сондай-ақ аймақ бойынша жалпы жағдай тұрақты және құқыққорғау органдарының қатаң бақылауында.

"Жаңаөзен қаласындағы комендатура жергілікті құқыққорғау органдарымен бірге аталған елді мекенге Қазақстан Респбуликасы Президентінің Жарлығымен енгізілген төтенше жағдайды қамтамасыз етуде", - делінген ведомство хабарламасында.

Бас прокуратураның мәліметтеріне сәйкес, Жаңаөзен қаласы мен Шетпе ауылында өткен тәулік ішінде қылмыс жасау жөнінде бірде-бір оқиға тіркелген жоқ. Өткен түні (2011 жылдың 19-ынан 20 желтоқсанға қараған түні) Жаңаөзен қаласында коменданттық сағатты бұзғаны үшін комендатураға 3 адам жеткізіліп, алдын алу ақыл-кеңестері берілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.

"Үкіметтік комиссия Жаңаөзен қаласында шыққан жаппай бүлікшілікке байланысты туындаған әлеуметтік-экономикалық, гуманитарлық және басқа да мәселелерді шешу бойынша жұмыстарын жалғастырып жатыр. Тергеу-оперативтік тобы белсенді түрде шұғыл-іздестіру шараларын және тергеу амалдарын жүргізуде, жаппай бүлікшілік пен тонаушылықтың белсенді қатысушылары мен ұйымдастырушыларын анықтап, оларды ұстау бойынша шаралар қолданылуда", - деп хабарлайды Бас прокуратура баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны