10.02.2010, 15:48 3476

Өткен жылы республика бойынша 2 мыңнан астам заңсыз аңшылық фактісі анықталды

Өткен жылы республика бойынша 2 мыңнан астам заңсыз аңшылық фактісі анықталды

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Өткен жылы республика бойынша 2 мыңнан астам заңсыз аңшылық фактісі анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жалпы өткен жылы республика бойынша 2 мыңнан астам заңсыз аңшылық фактісі анықталып, олар бойынша 105 қылмыстық іс қозғалды. Аңшылық ережесін бұзғаны үшін 2205 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Браконьерлерден 897 заңсыз аңшылық объектісі, 3,5 мыңнан астам құқық бұзушылық жасау құралы, оның ішінде 1067 бірлік атыс қаруы тәркіленді",- деді Қ.Жұманов.

ІІМ ақпаратына сәйкес, атап айтсақ, Шығыс Қазақстан облысында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері аңшылық үшін тыйым салынған мерзімде Сібір елігін атқаны үшін тұрғылықты азаматты ұстады. Мемлекетке келтірілген зиян 140 мың теңгені құрады.

Жыл басынан бастап облыста орман ағаштарын заңсыз шабу, заңсыз балық аулау және аң аулау фактісі бойынша төрт қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны