09.09.2016, 15:17 4799

Өзбекстан Президентін сайлау 4 желтоқсанда өтеді

Өзбекстан Президентін сайлау 4 желтоқсанға белгіленді, деп хабарлады Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясы. Сайлау науқаны 2016 жылғы 9 қыркүйекте басталады.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Өзбекстан Президентін сайлау 4 желтоқсанға белгіленді, деп хабарлады Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясы. Сайлау науқаны 2016 жылғы 9 қыркүйекте басталады.

"ӨР Конституциясыныӊ 96, 117-баптарына, сондай-ақ "ӨР Президентін сайлау туралы" Заӊныӊ 8-бабына, "ӨР Орталық сайлау комиссиясы туралы" заӊныӊ 5 және 9-баптарына сәйкес жексенбі, 2016 жылғы 4 желтоқсанды Президентті сайлау күні деп белгілеу жөнінде шешім қабылданды. Осыған байланысты, Орталық сайлау комиссиясы сайлау бойынша науқанды осы жылғы 9 қыркүйектен бастайтыны жайлы хабарлады", - делінген ОСК хабарламасында.

Орталық сайлау комиссиясыныӊ отырысында Өзбекстан Республикасы Президентін сайлауға әзірлік және оны өткізу бойынша негізгі шаралар бағдарламасы бекітілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны