27.12.2006, 14:17 3224

Парламент ақпараттандыру жөніндегі заңды қабылдады

АСТАНА. 27- желтоқсан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Ақпараттандыру жөніндегі" заң жобасына сенат енгізген түзетулермен келісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сенаторлар "төленетін шлюз", " электронды ақпаратты ресурстардың мемлекеттік регистрі" түсініктемелерін айқындады. Сонымен қатар, заң жобасының ережелері Азаматтық кодекс пен заң техникаларының нормаларына сәйкестендірілді.

Жалпы алғанда заң ақпараттық құрылымды дамытуға, оның ішінде "электронды үкіметті", "электронды әкімдікті" жетілдіруге, сонымен қатар ақпараттандыру саласын вертикалды басқаруын нақтылауға бағытталған.

Заңмен ақпараттандырудың құқықтық негізі бекітіледі, электронды ақапаратты ресурстарды және ақпарат жүйесін жасағанда, пайдаланғанда және қорғағанда туындайтын қоғамдық қарым-қатынас реттеледі.

Заң "ақпарат жүйесі", "электронды үкімет", "электронды әкімдік", "ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор" сынды түсініктерді айқындайды.

Сонымен қатар, заң ақпараттандыру саласындағы үкіметтің, құзырлы органдардың, орталық және жергілікті атқару органдарының және ұлттық оператордың міндеттерін анықтайды.

Құжат "электронды үкімет" аясында мемлекеттік ақпарат жүйелерінің ықпалдасу тәртібін айқындап, заңды және жеке тұлғалардың электронды ресурстарды пайдалану құқықтарын белгілейді.

Бүгін сондай-ақ депутаттар "Ақпараттандыру мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады.

Соған сәйкес, Кеден кодексіне, "Лицензиялау туралы", "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы", "Банкроттық туралы", "Азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі" "Халықты еңбекпен қамту туралы", "Жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару жөніндегі" заңдарға толықтырулар енгізіледі.

Сөйтіп заңдар қабылданды деп танылып, президентті ңқол қоюына жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны