15.01.2015, 16:03 4279

Парламент бірқатар халықаралық құжаттарды ратифициялады

15 қаӊтарда Қасым-Жомарт Тоқаевтыӊ төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныӊ отырысы болды

Астана. 15 қаӊтар. Kazakhstan Today - 15 қаӊтарда Қасым-Жомарт Тоқаевтыӊ төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныӊ отырысы болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сенаторлар Қазақстан мен Катар арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және хаттаманы ратификациялады. Бұл мәселе бойынша қаржы министрі Б.Сұлтанов баяндама жасады. Құжат инвестицияға қолайлы жағдай жасау үшін экономикалық ынтымақтастықты нығайту және кеӊейтуге бағытталған. Депутат С.Жақсыбеков келісімді қолдану барысында қиындықтар болмау үшін атқарушы органдарды мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ және орыс тілдеріне дәл аудармасын қамтамасыз етуге назар аударды, деп хабарлайды www.parlam.kz тілшісі.

Сенаторлар ішкі істер министрі Қ.Қасымов ұсынған Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы Азаматтардыӊ өзара сапарларыныӊ шарттары туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.

Сенаторлар сондай-ақ Еуропа Экономикалық Комиссиясына мүше болып табылмайтын елдердіӊ осы халықаралық актіге қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ететінШекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияныӊ 25 және 26-баптарына түзетуді де ратификациялады.

Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбековті тыӊдай келіп, Палата Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі мен Жануарлардыӊ саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйым арасындағы Жануарлардыӊ саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымныӊ Аусыл бойынша субөӊірлік үйлестіру кеӊсесін Астана қаласында құру туралы келісімді ратификациялады.

Отырыс барысында сенаторлардыӊ депутаттық сауалдары да жария етілді. Қ.Айтаханов - көші-қон және демографиялық ахуал бойынша кешенді шаралар қабылдау қажеттігі туралы; М.Бақтиярұлы - жергілікті табиғи уақытты ауыстыруды жан-жақты зерделеу және 12 жылдық білім беру мәселелерін қайта қарау қажеттігі; Ж.Ерғалиев - "Астана-Бурабай" автомобиль жолын пайдаланудағы олқылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау және коммерциялық емес бақша шаруашылығы мен саяжай қоғамдарын дамыту мәселелерін қарастыру туралы; Н.Оразалин - Астана көшелерініӊ біріне көрнекті әнші-композитор Кенен Изірбаевтыӊ атын беруге қатысты; Д.Құсдәулетов - жолда жүру, атап айтқанда балаларға арналған орындықты қолдануды бірте-бірте енгізуге қатысты ережелерді Үкіметтіӊ қайта қарауы туралы; И.Бектаев - Кеӊес Одағыныӊ Батыры, генерал Сабыр Рақымовты еске алу шараларын Жеӊістіӊ 70 жылдығын мерекелеу жоспарына қосуды; С.Плотников - Серебрянск органикалық емес өндіріс зауытын қалпына келтіру жөніндегі шараларды әзірлеу қажеттігі туралы сауалдарды назарға ұсынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны