16.05.2008, 11:36 1392

Парламент БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын толықтыратын бірқатар хаттамаларды бекітті

Парламент БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын толықтыратын бірқатар хаттамаларды бекітті

Астана. 16 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін БҰҰ конвенциясын толықтыратын бірқатар хаттамаларды бекітуді мақұлдады. Атап айтсақ, депутаттар "БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын толықтыратын мигранттарды құрғақпен, теңізбен және әуемен заңсыз енгізуге қарсы хаттамасын Қазақстан Респуликасының бекітуі туралы" заңды қабылдады".

Бұл хаттамада мигранттарды заңсыз енгізуге қарсы шаралар мен хаттамаға қатысушы мемлекеттер арасында қылмыстық топтар, адамдарды жасырын тасымалдау әдістері мен құралдары туралы өзара ақпарат алмасу жайы қарастырылған.

Сондай-ақ, депутаттар "Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын толықтыратын адам саудасының, әсіресе әйелдер мен балаларды саудалаудың алдыен алу мен жолын кесу, сондай қылмыс үшін жаза жүктеу жөніндегі хаттаманы бекітуі туралы" заң жобасын мақұлдады.

Бұл хаттаманың мақсаты адам саудасының алдын алу және онымен күрес, құл саудасы құрбандарына көмек көрсету, сондай-ақ, қатысушы мемлекеттер арасындағы осы мақсатқа жетудегі ынтымақтастықты ынталандыру болып табылады.

Мәжіліс сондай-ақ, " БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын толықтыратын қару-жарақты, оның құрамды бөліктері мен компоненттерін, сондай-ақ, олардың оқ-дәрісін заңсыз жасауға қарсы хаттамасын Қазақстан Республикасының бекітуі туралы" заң жобасын мақұлдады.

"Бұл хаттама қару-жарақты заңсыз жасауға және оның айналымының алдын алу, трансұлттық сипаттағы, ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысуымен жасалған қылмыстарды тектеп тексеру үшін қолданылады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны