26.06.2007, 11:58 2756

Парламент химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы заңды қабылдады

АСТАНА. 26-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұған дейін сенат заң жобасына редакциялық және нақтылау сипатындағы өзгерістер мен заң жобасы нормаларын қолданыстағы заңнамамен сәйкестендіруге бағытталған түзетулер енгізіп, мәжіліске қайтарған болатын.

"Заң жобасы "Техникалық реттеу туралы" заңды жүзеге асыру аясында жасалған, онда химиялық өнімді жасау, өндіру, қолдану, сақтау, таңбалау, орау, тасымалдау, сату және пайдалы жарату сатыларында қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, техникалық және әкімшілік кедергілерді жою талаптары бар",- делінген мәжілістің экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі комитетінің қорытындысында.
Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес, мәжілістің өкілеттілігі мерзімінен аяқталғандықтан бүкіл парламенттің заң шығару міндетін сенат атқаруда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны