01.02.2007, 11:11 2627

Парламент ядорлық қаруды таратпау туралы келісім-шартқа қосымша хаттаманы бекіту туралы заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. 1-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін парламент сенатының депутаттары ИҚазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Ядорлық қаруды таратпау туралы келісім-шартқа қосымша хаттаманы бекітуді туралыИ заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұрын хабарлағанымыздай, хаттамаға қол қоюдағы мақсат - еліміздегі ядролық іс-қызметке қатысты ашықтықты қамтамасыз ету, халықаралық қауіпсіздік жүйесін күшейтуге ықпал жасау, еліміздің ядролық қарусыз мемлекет ретіндегі мәртебесін нығайту, Қазақстанның ядролық қару таратпау ретжимі саласындағы саясатының тұрақтылығын паш ету болып табылады.

Хаттамаға 2004 жылдың 6-ақпанында Венеда қол қойылды.

Заң жобасы елбасының қол қоюуына жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны