11.01.2007, 13:12 3099

Парламент йод тапшылығы ауруы профилактикасына қатысты заңға енгізілетін өзгертулерді мақұлдады

АСТАНА. 11 қаңтар. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар сенаттың "Йод тапшылығы ауруының алдын алу жөніндегі" заңға өзгертулер енгізу жөніндегі" заң жобасына енгізген түзетулерімен келісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сенат негізінен редакциялық тұрғыда ескертулер жасаған және олар заң жобасының нормаларын жақсартуға бағытталған, деді алқа отырысында сөйлеген сөзінде мәжіліс депутаты Амангелді Дүйсекеев.

Осыған дейін хабарланғандай, жаңа заң Қазақстан аумағында йодталмаған тұз өндіруші және сатушыларды, осындай тұзды жеке тағам өнімдерін өндіру барысында технологиялық тұрғыда қолданатын заңды және жеке тұлғаларды құқықтық базамен қамтамасыз етуге жасалған. Сонымен қатар, жаңа құжатта көрсетілген ережелер йодталған тұзды медициналық немесе басқа тұрғыда пайдалана алмайтын адамдардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Заң Елбасының қол қоюына жіберілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны