15.01.2009, 15:51 2962

Парламент Қазақстан мен Иордан Корольдігінің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялады (толықтырылған)

Парламент Қазақстан мен Иордан Корольдігінің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялады (толықтырылған)

Астана. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иордан Хашимиттік Корольдігінің Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұл келісімге 2007 жылғы 8 тамызда Астана қаласында қол қойылды.

Заң жобасының мақсаты Қазақстан-Иордан сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту, біздің еліміздің транзиттік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.

Келісім екі мемлекет арасындағы жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды, осындай тасымалдаударды орындауға үшінші елдерге жіберілген тасымалдаушыларды, сондай-ақ олардың аумақтары арқылы транзитті реттейді.

Заң жобасын ратификациялау Қазақстан-Иордания бағыты бойынша тасымалды орындау үшін құқықтық негіз жасауға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны