24.06.2010, 11:58 3864

Парламент Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңды қабылдады

Бұрын хабарлағанымыздай, Заң жобасының негізгі мақсаты авиация қызметін жетілдіру, әуе кеңістігін пайдалану саласындағы реттеу және бақылау бойынша мемлекеттік органдардың аражігін ажырату болып табылады.

Астана. 24-маусым. Kazakhstan Today Кеше ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заң жобасына ҚР Парламентінің Сенаты енгізген өзгерістерді талқылып, бұларға толық келісімін берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Бұрын хабарлағанымыздай, Заң жобасының негізгі мақсаты авиация қызметін жетілдіру, әуе кеңістігін пайдалану саласындағы реттеу және бақылау бойынша мемлекеттік органдардың аражігін ажырату болып табылады. Сонымен бірге, құжатта ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау шараларын күшейту, авиациялық тасымалдау кезінде халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту және авиатасымалдаушының жауапкершілігін арттыру шаралары қарастырылады. Азаматтық авиацияның әуе кемелеріндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тиімді жүйе құру көзделеді.

Сондай-ақ, заң жобасында азаматтық авиация қызметін реттеу бойынша бірқатар жаңа нормалар енгізілген. Бұл ретте Қазақстан аумағында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының еуропалық авиация талаптары секілді авиациялық стандарттары барлық субъектілер үшін міндетті түрде қолданылатын болады. Жаңа нормаларға сәйкес, жолаушыларды, жүктерді коммерциялық тасымалдауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар ғана әуе компаниялары бола алады. Иуе компаниялары кемелерінің қауіпсіз пайдалануын және олардың ұшуға жарамдылығын сақтау үшін тиісті қаржылық ресурстарға және мүлікке ие болуға тиіс. Бұл ретте тұрақты ұшуды жүзеге асыратын әуе компанияларында резервтік ұшақ паркі және тасымалдаудан түсетін кірістерді есепке алмағанда, ұшу шығындарын кемінде бір айда жабу үшін қаржылық резерві болуы шарт.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны