22.06.2009, 11:50 1339

Парламент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады

Парламент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады

Астана. 22 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенаттың бүгін өткен жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша қос палатаның арасындағы келіспеушілікті еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының түзетулерімен келісті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Заң жобасында "Өсімдіктер карантині туралы", "Өсімдіктерді қорғау туралы" және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген.

Осы заң жобасында енгізіліп отырған нормалар пестицидтерге, яғни, улы химикаттарға мемлекеттік тіркеу жүргізу тәртібін реттейді және олардың айналымы саласындағы нормативтік базаны жетілдіреді.

Икелінетін және әкетілетін карантиндік өнімге рұқсаттық құжаттар беру мерзімдерін қысқарту, сондай-ақ Үкіметтің және уәкілетті органның құзыретін нақтылау бөлігінде "Өсімдіктер карантині туралы" Заңға өзгерістер енгізуге қатысты депутаттардың ұсыныстары қабылданды. Аталған өзгерістер әкімшілік кедергілерді азайту және Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың және көлік құралдарының өтуін жеделдету мақсаттарында қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны