04.10.2012, 09:34 3273

Парламент Кеден одағының аясында терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы шартты қабылдады

Енді құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Астана. 4-қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында "Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы шартты ратификациялау туралы" заң қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Енді құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Аталған шартқа 2011 жылдың 11 желтоқсанында Мәскеуде қол қойылған. Құжаттың мақсаты қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл жүйесі жұмыс істеуінің тиімділігін арттыру болып табылады. Шартқа сәйкес тараптардың кеден органдары Кеден одағының заңнамасына және ұлттық заңнамаға сәйкес кедендік декларацияда мәлімделген деректерді пайдалана отырып, ақша қаражатының және ақша құралдарының өткізілуін бақылайтын болады. Бұдан бөлек тараптардың кеден органдары өздеріне құқық қорғау органдары мен уәкілетті органдардан келіп түскен ақпарат негізінде қолма-қол ақша қаражаттарын өткізуді тоқтата тұру жөніндегі өкілеттіктерді алады, сондай-ақ осы туралы тиісті ақпаратпен қажетті органдарды хабардар етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны