16.05.2007, 12:57 3110

Парламент Конституцияға енгізілетін түзетулердің жобасын түстен кейін алғашқы оқылымда талқылайды

АСТАНА. 16-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін түстен кейін республика парламенті "Қазақстан Республикасының конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда талқылайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. Бұл туралы ұсынысты мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов бүгін мемлекет басшысы конституциялық реформалардың жобасын жария еткеннен кейін енгізді.

Бұдан кейін отырыста 15 сағатқа дейін үзіліс жарияланды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Конституцияға енгізілетін түзетулердің жобасын парламент екіден кем емес оқылымда қарап, егер әр палатадағы жалпы депутаттар санының төрттен үш бөлігінен кем емес бөлігі ол үшін дауыс берген жағдайда ақырғы оқылымда қабылданады. "Қазақстан Республикасының конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын парламент алғашқы оқылымда тұжырымдамалық тұрғыда талқылайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны