05.03.2010, 10:54 2782

Парламент ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процессін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдады

Парламент ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процессін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдады

Астана. 5 наурыз. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процессін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобасы түпкі нәтижеге бағдарланған бюджеттік жоспарлауды одан әрі жетілдіру, мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкестендіру, сондай-ақ республикалық және жергілікті деңгейдегі қаржы бақылау жүйесінің тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

Заң жобасымен Бюджет және Салық кодекстеріне, сондай-ақ "Икімшілік рәсімдері туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы", "Концессиялар туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы" және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болды.

Атап айтқанда, Бюджет кодексіне мемлекеттік қаржы бақылау және жоспарлау жүйесі, мемлекеттік қызмет көрсетулер, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, бюджетті орындау және инвестициялық рәсімдерді жетілдіруге қатысты өзгерістер енгізілетін болды.

Бюджетаралық қатынастарды жетілдіру аясында мақсатты трансферттерді дамуға пайдаланудағы жергілікті органдардың құқықтары кеңейеді.

Салық кодексіне уәкілетті органның өкілеттігін және салық төлеушіге мемлекеттік қызмет көрсетулер стандарттарын ұсынуды нақтылайтын өзгерістер енетін болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны