02.02.2011, 11:52 8430

Парламент ҚР Конституциясына енгізілетін толықтыруларды қарауға кірісті

ҚР парламентінің қос палаталарының бірлескен отырысы басталды. Депутаттар отырыс барысында ҚР Конституциясына толықтырулар енгізу туралы мәселені қарауға кірісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 2 - ақпан. Kazakhstan Today - ҚР парламентінің қос палаталарының бірлескен отырысы басталды. Депутаттар отырыс барысында ҚР Конституциясына толықтырулар енгізу туралы мәселені қарауға кірісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгінгі жиналыстың күн тәртібінде "Қазақстан Республикасының Конституциясына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" заң жобасын талқылау мәселесі тұр.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған заң жобасы Конституцияның 53-бап, 1-тармақшасына және 91-бап, 1-тармағына сәйкес ҚР Президентінің шешімімен енгізіліп отыр. Қоғам үшін маңызды саналатын заң жобасының басты мақсаты -кезектен тыс Президенттік сайлауды өткізуге Конституциялық негіздерді белгілеу болып табылады.

"Конституциялық новелланың заңнамалық негізі Ата Заңның 41-бабына 3-1 тармақшасын енгізуге қатысты болып табылады. Бұл ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізудің Конституциялық негізін қарастырады. Осыған байланысты заң жобасымен Мемлекет басшысына кезектен тыс Президенттік сайлауды тағайындау бойынша Конституциялық құқық береді. Ал, ондай кезектен тыс сайлау Конституциялық заңда белгіленген мерзімде өткізіледі. Яғни, Конституцияға енгізілген бұл толықтыру кезектен тыс Президенттік сайлау өткізуді қамтамасыз етеді", - деді заң жобасы бойынша баяндаған ҚР Президенті Икімшілігі басшысының орынбасары Талғат Донақов.

Естеріңізге сала кетсек, 31-қаңтар күні мемлекет басшысы президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу жөнінде ұсыныс білдірген болатын.

"Демократиялық жолмен сайланған тұңғыш Президент ретінде еліміздің биік мүдделерін басшылыққа ала отырып, мен референдум өткізбеу туралы шешім қабылдадым. Жұртшылықты бөлетін "референдум әлде сайлау" деген таңдаудың орнына мен халқымыздың еркі мен демократиялық қағидаттарға адалдығын ескеретін және бізді біріктіретін жолды ұсынамын. Мен өкілеттігімнің екі жылға қысқаратынына қарамастан, мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу туралы ұсыныс енгіземін", - деді президент.

Ал мәжіліс президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу жөніндегі заң жобасын 1-ақпан күні өндіріске алған болатын.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2011 жылғы 31 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Конституцияға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өкілеттігін республикалық референдум арқылы ұзартуды қарастыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңның құқықтық тағдыры туралы шешімін шығарды. Парламент депутаттары бұл заңды референдумды қолдау жөніндегі үндеуге қолдарын қойған бес миллионнан астам қазақстандықтың қалауын басшылыққа ала отырып қабылдаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны