04.12.2008, 13:05 1715

Парламент "ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңға енгізілетін түзетулердің жобасын мақұлдады

Парламент "ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңға енгізілетін түзетулердің жобасын мақұлдады

Астана. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жолдауында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында әзірленген. Заң жобасында зейнетақының көлемін 25 пайызға арттыру көзделген.

Заң жобасы бойынша баяндама жасаған еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, "қазір министрлік Қазақстандағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдірудің ұзақ мерзімді стратегиясының жобасын жасауда".

Бұл заң жобасына сәйкес, зейнетақы төлемдерін есептеуде ескерілетін ең жоғары кірістің шектеу көлемін ұлғайту, оны 25 АЕК-тен 28 АЕК-ке дейін жеткізу көзделген. Заң жобасын жүзеге асыруға байланысты шығындар (70,4 млрд теңге) "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасында қарастырылған.

"Біз ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлердің зейнетақысын көтеруді ойластырдық, ол 30%-ға өседі", -деді Бердібек Сапарбаев.

Оның айтуынша, "бұл санатқа ауылшаруашылығы, білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен 1991 мен 1995 жылдар аралығында зейнет демалысына шыққандар жатады".

"Өз кезегінде ең жоғары зейнетақы алушылар үшін зейнетақы көлемі 22% ұлғайтылады. Сөйтіп, 38 мыңнан астам зейнеткер, яғни, жалпы зейнеткерлердің 2,4% 15 263 теңге көлеміндегі ең төмен зейнетақы алатын болады. 1 млн 300 мыңнан астам адам (80%) 22 493 теңге көлеміндегі орташа зейнетақы, ал 290 мыңнан астам адам (17,6%) үшін ең жоғары көлемдегі 32 121 теңге зейнетақы алады", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны