29.04.2010, 11:49 1555

Парламент "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады

Парламент "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша мәжіліс пен сенат арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстарын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Заң жобасы отандық кинематографияны, мұражай және кітапхана ісін қолдауға және дамытуды, сондай-ақ мәдени мұраларды қалыптастыруға және сақтауға қатысты қолданыстағы құқықты одан әрі жетілдіруді көздейді.

Заң жобасына фильмдерге прокат куәлігін беру тәртібіне, сондай-ақ мемлекеттік тілге кәсіби түрде аударылған фильмдер прокатына қатысты түзетулер енгізілді.

Жалпы алғанда келісім комиссиясының қарауына 11 позиция ұсынылған. Бір позиция мәжілістің, 4 позиция сенаттың редакциясы бойынша, алтауы - бірлескен редакцияда қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны