26.06.2007, 12:08 3120

Парламент машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы заңды қабылдады

АСТАНА. 26-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Талқылау барысында заң жобасына жоба нормаларын еліміздің қолданыстағы заңнамасына сәйкестендіру, атап айтсақ, әкімшілік құқық бұзушылықтар саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін заңнамасына сәйкестендіру секілді басты бағыттар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады. Сонымен бірге депутаттар заң жобасына анықтамалар мен ой-тұжырымдарды нақтылайтын түзетулер енгізді.

Заң жобасын мәжілісте депутаттарға таныстырған индустрия және сауда вице-министрі Асқар Баталовтың айтуынша, "заң жобасының басты мақсаты- машиналар мен жабдықтарға қойылатын ең төменгі талаптарды белгілеу. Талаптар адамның өімірі мен денсаулығы және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді".

Оның айтуынша, заң жобасын қабылдау "ішкі рынокты потенциалдық қаупі бар машиналар мен жабдықтардың енгізілуінен қорғауға, отандық машина жасау саласының бәсекелестік қабілетін көтеруге, артық әкімшілік кедергілерді жоюға, кәсіпкерлікті дамытуға" мүмкіндік береді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны