02.04.2018, 15:41 4036

Парламент Мәжілісініӊ депутаты генерал-лейтенант Абай Тасболатов Астана қаласыныӊ әскери қызметшілермен кездесті

Мемлекет басшысыныӊ 5 әлеуметтік бастамасын сайлаушыларға жеткізу үшін Парламент Мәжілісініӊ депутаты генерал-лейтенант Абай Тасболатов Астана қаласыныӊ әскери қызметшілермен кездесті

Астана. 2 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысыныӊ 5 әлеуметтік бастамасын сайлаушыларға жеткізу үшін Парламент Мәжілісініӊ депутаты генерал-лейтенант Абай Тасболатов Астана қаласыныӊ әскери қызметшілермен кездесті.

Кездесу барысында Елбасыныӊ әлеуметтік бастамалары мен "100-нақты қадам" Ұлт жоспарыныӊ, Бес институционалдық реформаныӊ және "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудыӊ 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысына тоқталды.Сонымен қоса, Қорғаныс және әскери салада еӊбек етіп жүрген қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіненазар аударды.

Елбасымыздыӊ әскери қызметшілердіӊ әлеуметтік жағдайын арттыруға, олардыӊ толық тұрғын үймен қамтамасыз етуге, тұрғын үйге бөлінген бюджет қаражатын дұрыс бағытқа жоспарлануына мән берді.

Кездесу барысында Мәжіліс депутаты Астана қаласында бұқаралық спортты дамыту мақсатында салынған жабық спорт кешендері көп екенін атап өтіп, онда денсаулығын нығайтып жүрген азаматтарымыздыӊ аз екенін айтты. Осы ретте, халықтыӊ жаппай дене шынықтыруымен айналысуына спорт кешендері басшыларыныӊ осы мәселені ескеру керектігін еске салды.

Кездесуге Астана қаласы әскери қызметкерлер, қоғамдық және мемлекеттік емес, жастар мен ардагерлер ұйымдарыныӊ өкілдері мен жетекшілері қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны