10.07.2007, 13:37 2513

Парламент "Несиелік бюро туралы" заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады

АСТАНА. 10-шілде. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасындағы несиелік бюролар мен несиелік тарихты қалыптастыру туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Заң аталмыш заңның жекелеген нормаларын жетілдіру мақсатында жасалған және несиелік тарихты қалыптастыру жүйесін жақсартуға, несиелік тарих субьектілерінің төлемдік қабілетіне мониторинг жүргізуге бағытталған", - делінген сенаттың экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Енгізілген түзетулерде " келісім-шарттарының түрлері келісім-шартының пәніне байланысты екендігі, ақпарат беру немесе несиелік есептерді алуға, міндетті түрде ақпарат берушілер мен несиелік бюро арасында шарт жасасудың нақты мерзімдері, сондай-ақ, несиелік бюро тарапынан несиелік есепті алушылар мен ақпарат берушілерге түзетілген ақпарат беру мерзімі" қарастырылған.

Сонымен бірге түзетулермен несиелік бюро қайта құрылған немесе ол таратылған жағдайда несиелік тарихтар базасында сақталатын ақпараттың құпиялығын сақтау үшін жүктелетін жауапкершілік, сондай-ақ, осынау мәлімет базасын беру және жою тәртіптері белгіленеді.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны