12.06.2006, 11:01 2889

Парламент палаталарының бірлескен отырысы 20-маусымға белгіленді

АСТАНА. 12-маусым. Kazakhstan Today. 20-маусымда Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Осы жөніндегі бұйрыққа парламент мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағы, 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысын 2006-жылдың 20-маусымында Атана қаласында шақыруды бұйырамын”,- делінген мәжіліс аппараты таратқан бұйрық мәтінінде.

Бірлескен отырыста депутаттар үкімет пен республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің 2005-жылғы бюджеттің орындалуы туралы есебін талқылап, 2006-жылғы бюджетке өзгерістер енгізеді деп күтілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны