31.01.2008, 19:06 6891

Парламент палаталарының бірлескен отырысы 6-ақпанға белгіленді

Парламент палаталарының бірлескен отырысы 6-ақпанға белгіленді

Астана. 31 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Парламент палаталарының бірлескен отырысы 6-ақпанға белгіленді. Осы жөніндегі бұйрыққа мәжіліс төрағасы Аслан Мусин қол қойды, деп хабарлайды агенттік мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағы, 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысын 2008-жылдың 6-ақпанында сағат 11-де Астана қаласында шақыруды бұйырамын",- делінген мәжіліс аппараты таратқан бұйрық мәтінінде.

Агенттіктің парламенттегі ақпарат көздерінің хабарлауынша, 6 ақпанда өтетін бірлескен отырыста президент халыққа арнаған жыл сайынғы жолдауын жария етуі мүмкін.

"Бірлескен отырысқа президент қатысады деп күтілуде",- деді ақпарат көзі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны