15.09.2011, 13:02 5693

Парламент Тіл туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізбейді

Қазақстан Парламенті Тіл туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді. Бұл туралы бүгін Сенат спикері Қайрат Мәми журналистерге берген сұхбатында мәлім еткен.

Астана. 15-қыркүйек. Kazakhstan Today - Парламент Тіл туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізбейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

News.kz ақпараттық агенттігінің хъабарлауынша, Қазақстан Парламенті Тіл туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді. Бұл туралы бүгін Сенат спикері Қайрат Мәми журналистерге берген сұхбатында мәлім еткен.

"Тіл мәселесі - қоғамды біріктіру мәселесі. Осыған байланысты, менің ойымша, бұл тақырыпқа өнбейтін әңгімені қоздата бергеннен, елдің мазасы кететін сияқты. Мұның еліміздегі сүттей ұйыған тұрақтылыққа да кері әсері болмай қалмайды. Қазақ тілі мемлекеттің негізгі тілі және солай болып қала береді. Сонымен қатар біздің ең басты жетістігіміз де ұлтаралық татулық болып табылады", - деді Қ. Мәми.

Қ. Мәми Қазақстанда ұлтаралық қарым-қатынас тұтастай алғанда қазақстандықтардың орыс тілінде сөйлеуі мүмкіндіктері мен құқықтарына негізделетінін де тілге тиек етті.

"Осыған орай Парламент биыл да, болашақта да осы мәселе бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырмайды. Бұл мүмкін емес", - деп түйіндеді сөзін Қ.Мәми.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны