30.04.2008, 12:13 3188

Парламент туристік қызмет мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерге қатысты келісім комиссиясын құрады

Парламент туристік қызмет мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерге қатысты келісім комиссиясын құрады

Астана. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс дерутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Кейбір заңнамалық актілерге туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша парламент палаталарының келісім комиссиясын құруға шешім қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің қорытындысында түсіндірілгеніндей, "заң жобасын талқылау барысында оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындаған. "Атап айтсақ, туристік іс-қызмет саласындағы лицензия беру құқығын оны іс-қызмет салалаоына бөлмей-ақ (халықаралық немесе ел ішіндегі деп) туристік іс-қызмет саласындағы уәкілетті органға беру ұсынылып отыр", -делінген қорытындыда. Депутаттардың пікірінше, ол "бұрын берілген лицензияларды қайта рәсімдемеуге, лицензиялар санының әсіре артып кетпеуіне, жалпы туристік іс-қызөмет саласын мемлекет тарапынанбасқару жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді".

Сенаторлар, сондай-ақ, заң жобасына заңгерлік техникаға қатысты және заң жобасының қолданыстағы заңнамамен қайшы келетін тұстарын жоюға бағытталған бірқатар ұсыныстар енгізді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы экономиканың бір басымдық берілген бағыты ретінде туризмді одан әрі дамыту мен жетілдіруге бағытталған.

Түзетулермен "Икімшілік заң бұзушылықтар туралы кодекс", "Туристік қызмет туралы" заң, "Туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" заң, "Жеке кәсіпкерлік туралы" заң, "Лицензия беру туралы" заңдар секілді бес заңнамалық актіге өзгерістер енгізіледі.

Атап айтсақ, Икімшілік заң бұзушылықтар туралы кодекске Қазақстан Республикасының туристік іс-қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қарастыратын бап енгізіледі.

Туристік іс-қызмет туралы заңнамаға енгізілетін түзетулермен үкімет, уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы орган арасындағы құзырет аясы шектеледі. Сонымен бірге, уәкілетті орган туристік қызметпен айналысатын тұлғалардың мемлекеттік реестрін жүргізеді.

"Лицензия беру туралы" заңға халықаралық және ішкі туризм саласындағы іс-қызметпен айналысуға лицензия беру тәртібіне өзгерістер енгізіледі.

Бұл заңды қабылдау "өңірлерде туристік кластерлерді одан әрі дамыту, серпінді жобаларды жүзеге асыру, тартымды туристік имидж қалыптастыру, туризм саласындағы жаңаша көзқарастарды қамтамасыз ету, туристік саланы дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру" секілді мақсаттарды жүзеге асыруға септігін тигізбек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны