10.07.2006, 13:24 2828

Парламентте қабылданған омбудсменнің өкілеттілігін арттыру мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулер Конституциялық кеңеске жолданды

АСТАНА. 10-шілде. Kazakhstan Today. Парламентте қабылданған “Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің іс-қызметін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар енгізу туралы” заң Конституциялық кеңеске жолданды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың жетекшісі Вячеслав Калюжный құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Қазір бұл заң президенттің қол қоюына жолданған. Бірақ, бізге белгілі мәліметтерге сәйкес ол Конституциялық кеңеске жіберілген көрінеді. Ол аталмыш заңның Ата заңға сәйкестігін қарайды”,- деді В.Калюжный.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқық қорғау мүмкіндіктерінің аясын кеңейтуге бағытталған. Атап айтсақ, заң жобасы арқылы омбудсменннің құзыреті аясына адамның құқығын мен бостандығы бұзылған жағдайда оны қорғау мақсатында сот мәжілісіне қатысу құқығымен, сондай-ақ, заңды күшіне енген шешім, үкім, анықтама немесе сот қаулысын тексеру туралы өтінішпен сотқа және прокуратураға жүгіну құқығымен толықтыру ұсынылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны