26.08.2023, 11:47 70226

Павлодар қаласының әкімі лауазымынан босатылды

Облыс әкімінің аппаратына Президент әкімшілігіне тиісті ұсыныс енгізу тапсырылды
Павлодар қаласының әкімі лауазымынан босатылды
Сурет: gov.kz
Павлодар қаласының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлады Gov.kz.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласының активімен кездесу өткізіп, оның қорытындысы бойынша қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және ескерту бойынша жұмыстардың тиісінше ұйымдастырылмауына, қала тұрғындары үшін облыс орталығын дамыту және абаттандыру жөніндегі маңызды жобалардың іске асырылуына қажетті бақылаудың болмауына, қала әкімдігінің Павлодар қаласының тұрғындарымен коммуникациясының әлсіреуіне байланысты Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаиповты лауазымынан босату туралы қабылданған шешімді мәлімдеді.

Облыс әкімінің аппаратына Президент әкімшілігіне тиісті ұсыныс енгізу тапсырылды.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны