06.01.2026, 16:21 49101

ЖИ Қазақстандағы жұмыс күшінің өнімділігін 70% арттыра алады - зерттеу

ЖИ Қазақстандағы жұмыс күшінің өнімділігін 70% арттыра алады - зерттеу
Сурет: Depositphotos
ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында білім беру жүйесін ауқымды цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ол бұл міндетті орындау жоғары білім мазмұнын жүйелі түрде жаңартуды талап ететінін атап өтті.

Осы мақсатта министрлік 2025 жылы Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігімен бірлесе отырып, жасанды интеллектке негізделген экономиканы қалыптастырудағы білім беру жүйесінің рөлін бағалауға арналған зерттеудің бірінші кезеңін аяқтады.

Зерттеу нәтижелері еңбек нарығындағы жасанды интеллект жұмыс орындарын жаппай ығыстыру құралы емес, ең алдымен адам еңбегін ұлғайту, яғни еңбек өнімділігін арттыру механизмі екенін көрсетті.

Қазақстандағы жұмыс күшінің шамамен 70%-ы жасанды интеллектіні қолдану есебінен өнімділікті арттырудың орташа немесе жоғары әлеуетіне ие. Мамандықтардың 53%-ында жекеленген еңбек функциялары автоматтандырылуы мүмкін. Көп жағдайда бұл жұмыс орындарын жоюды емес, олардың мазмұны мен талаптарын өзгертуді білдіреді. Осы тұжырымдардың негізінде жоғары білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған кезең - кезеңмен жүзеге асырылатын іс-қимыл жоспары әзірленуде", - деп атап өтті Саясат Нұрбек.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны