10.03.2010, 16:56 3077

Павлодар қаласында РФ азаматына оқ жарақатын келтірген күдікті, Ақмола облыстық ІІД төрағасы орынбасарының ұлы ұсталды

Павлодар қаласында РФ азаматына оқ жарақатын келтірген күдікті, Ақмола облыстық ІІД төрағасы орынбасарының ұлы ұсталды

Астана. 10 наурыз. Kazakhstan Today - Павлодар қаласында РФ азаматына оқ жарақатын келтірген күдікті, Ақмола облыстық ІІД төрағасы орынбасарының ұлы ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ішкі істер органдарының қызметкерлері жанжал барысында Ресей Федерациясының азаматына оқ жарақатын келтірген күдіктіні құрықтады. Оны Павлодар қаласында жалдамалы пәтерден ІІМ-нің Криминалдық полиция комитеті Орталық өңірлік ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады.Естеріңізге сала кетейін, қылмыс қаңтар айының соңында Көкшетауда жасалған және қылмыскер оқиға орнынан жасырынып, іздестіруге жарияланған",- деді Қ.Жұманов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ақмола облыстық ІІД төрағасының орынбасары ертеректе ұлы жасаған қылмысқа байланысты қызметтен босатылды.

ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов брифингте мәлім еткендей, "30 қаңтар күні Солтүстік Қазақстан облысында 53 жастағы Ресей азаматы оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді". Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің адамның денсаулығына қасақана ауыр залал келтіру жөніндегі 103-ші бабының 1-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қуанышбек Жұмановтың айтуынша, "жедел іздестіру шараларының барысында жәбірленушіге қаратып оқ атқан Ақмола облыстық ІІД төрағасының орынбасарының Ұлы Талғат Иубәкіров болып шыққан. Ол қылмыс орнынан қашып кеткен".

"Оның әкесі Мұрат Иубәкіров Ақмола облыстық ІІД төрағасының орынбасары қызметінен босатылды",- деді ІІМ өкілі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 30 қаңтарда Көкшетаудан үш шақырым жерде белгісіз біреу "Мерседес" автокөлігіне қаратып оқ атып, 54 жастағы Ресей азаматын жарақаттады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 30 қаңтар күні кешке Ақмола облыстық ІІД-нің жедел басқару орталығына шұғыл кезекшіден кешкі сағат сегіз шамасында Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданының аумағында орналасқан "Рубеж-Келлеровка" бекетіне "Мерседес" автокөлігін айдаған Петропавловск тұрғыны шағымдана келген.

"Петропавловск тұрғынының айтуынша, көлігімен келе жатқанда Көкшетаудан үш шақырым жерде белгісіз біреу белгісіз автокөлікпен келе жатып, "Мерседес" автокөлігіне қаратып оқ атқан. Соның салдарынан көлікте отырған 54 жастағы РФ тұрғынына оқ тиіп, ол облыстық ауруханаға жеткізілген", - деп хабарлайды полициядағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны