13.04.2016, 10:19 3759

Павлодар қаласыныӊ әкімі болып Нұржан Ишімбетов тағайындалды

Бүгін облыс әкімініӊ ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған Нұржан Ишімбетов Павлодар қаласыныӊ әкімі болып тағайындалды

Павлодар. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін облыс әкімініӊ ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған Нұржан Ишімбетов Павлодар қаласыныӊ әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аймақ басшысы Болат Бақауов Нұржан Ишімбетовке өӊірдіӊ ауыл шаруашылығы саласыныӊ дамуына қосқан зор үлесіне ризашылығын білдіріп, жаӊа жұмысына сәттілік тіледі, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Ол 1969 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданы Черное ауылында туған.

Зооинженер мамандығы бойынша Алма-Ата зооветеринарлық институтын және бухгалтер-экономист мамандығы бойынша Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған.

Еӊбек жолын Мемлекеттік мүлік жөніндегі Павлодар аумақтық комитетініӊ маманы болып бастап, кейін халықаралық даму жөніндегі америкалық агенттігіне қарасты "Карана" корпорациясыныӊ кеӊесшісі қызметін атқарады.

1997-1999 жылдар аралығында - Лебяжі ауданындағы өндірістік кооператив төрағасы, агрофирма директоры; 1

999-2008 жылдар аралығында - Ақтоғай ауданы әкімініӊ орынбасары, Лебяжі ауданыныӊ әкімі, Павлодар облысы ауыл шаруашылық басқармасыныӊ бастығы;

2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігініӊ мемлекеттік инспекторы;

2009-2012 жылдары Петропавл қаласыныӊ әкімі қызметін атқарды.

2012 жылғы 1 ақпаннан бастап бүгінгі күнге дейін Павлодар облысы әкімініӊ ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары қызметін атқарған..kz" веб-сайтыныӊ басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны