08.08.2006, 09:28 2661

Павлодар облысында "Ертіс" арнайы экономикалық аймағын құруға үкімет басшысы бюджетте 1 млрд. теңге қарастыруды тапсырды

АСТАНА. 8-тамыз. Kazakhstan Today. Республика үкімет басшысы Даниал Ахметов Павлодар облысында "Ертіс" арнайы экономикалық аймағын құруға келесі жылғы бюджеттен бір миллиард теңге қарастыру туралы тапсырма берді. Арнайы экономикалық аймақ құру мәселесі үкіметте кеше өткен кеңестің тақырыбына айналды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы атап өткендей, Қазақстан сапалы алюминий өнімдерін шығаратын жеке өндірісті дамытуға қажетті үлкен мүмкіндіктерге ие.

"Ертіс" арнайы экономикалық аймағының тиімділігі және инвесторлар тарту мақсатында өсімсіз салық жеңілдіктерін қарастыру көзделген. Олардың қатарында: корпоративтік табыс салығынан босату, қосымша құн салығын алып тастау, жер және мүлік салығынан босату көзделген. "Арнаулы экономикалық аймақты ұйымдастыруда біз кеңестік теңестіру жүйесінен бас тартуымыз керек. Бәрі бір-бірінен ерекше болмақ. Павлодар облысындағы арнаулы экономикалық аймаққа жеңілдіктердің қарастырылуы - мұнда жоғары қосылған құнды өндірістің болуымен байланысты",- деп атап өтті Даниал Ахметов.

Қыркүйектің соңында Павлодарда әлемдік деңгейдегі инвесторларды тарта отырып халықаралық конференция өткізу жоспарлануда.

"Ертіс" арнаулы экономикалық аймағын құру үшін Павлодар облысынан жалпы көлемі 1300 гектар жер телімі бөлінген, онда Қазақстандық электролиз зауыты орналастырылмақ. Зауытты іске қосу келесі жылдың соңына жоспарланғаны белгілі. Кеңес барысында премьер-министр аймақтың тұжырымдамасымен, оның аумағы жоспарланған сұлбамен танысты. Арнайы экономикалық аймақта негізгі өндірістік корпустан бөлек әкімшілік ғимарат, кеңселік бөлмелер және конференц-зал тұрғызылатын болады.

Кеңестің соңында премьер-министр 17 тамызға дейін арнаулы экономикалық аймақты құру жөнінде техникалық-экономикалық негіздеме мен тұжырымдама әзірлеуді, сондай-ақ Салық және Кедендік кодекстерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу жобасын аяқтауды тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны