15.07.2008, 09:39 1300

Павлодар облысында "Қазавиаорманкүзеті" кәсіпорнының Ми-2 тікұшағының экипаж мүшелеріне шабуыл жасалды

Павлодар облысында "Қазавиаорманкүзеті" кәсіпорнының Ми-2 тікұшағының экипаж мүшелеріне шабуыл жасалды

Алматы. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысының Шарбақты ауданының Шалдай ауылында орналасқан "Қазавиаорманкүзеті" кәсіпорнының Ми-2 тікұшағының экипаж мүшелеріне шабуыл жасалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің орман және аң шаруашылығы комитетіне сілтеме жасай отырып.

"Бетперде киген бір топ қарулы адам қызметтік аумаққа басып кіріп, Ми-2 тікұшағының экипаж мүшелерін соққыға жыққан. Экипаж командирі мен авиатехниктің едәуір жарақаттарына байланысты "Ертіс орманы" мемлекеттік табиғи орман резерватының мемлекеттік орман қорының аумағында әуе патрулі жасалмады", - деп хабарлады орман және аң шаруашылығы комитеті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны