04.05.2007, 11:07 2952

Павлодар облысында шекарадан ірі көлемде есірткі алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды

АСТАНА. 4-мамыр. Kazakhstan Today. Павлодар облысында шекарадан ірі көлемде есірткі алып өтпек болған Ресей азаматы ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткіні Павлодар шекара отрядының "Қосақ авто" бөлімшесінің қызметкерлері тауып тәркіледі. "Көлік құралдары мен жүктерді арнаулы техникалық құралдармен тексеру барысында Қазақстаннан Ресейге бет алған BMW автокөлігінің жанармай құятын құтысынан шикі апиын салынған 14 пластик бөтелке табылды", деп хабарлайды шекарашылар. Есірткінің жалпы салмағы 10 килограмнан асады.

Шекарашылардың мәліметінше, автокөлік жүргізушісі - РФ азаматы ұсталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны