21.05.2007, 12:49 3324

Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

ПАВЛОДАР. 21-мамыр. Kazakhstan Today. Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің жаңа басшысы тағайындалды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне облыстық полицияның баспасөз қызметінен хабарлады.

Республика ІІМ-нің бұйрығына сәйкес, облыстық ІІД-нің жаңа басшысы болып полиция полковнигі Қанат Түксейітов сайланды. "Бүгін оны қызметкерлер құрамына республиканың ішкі істер вице-министрі - полиция генерал-майоры Қожамұрат Өскенбаев таныстырды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

42 жастағы Қ.Түксейітов кейінгі жылы ҚР ІІМ әкімшілік полициясы комитетінің төрағасы болып істеген. Бұған дейін ол ҚР ІІМ жол полициясы департаментінің бастығы болып тағайындалды, ҚР ІІМ мемлекеттік күзет қызметінің департаментін басқарды, республиканың ішкі істер вице-министрі болды, көліктегі Орталық ІІД-ін басқарды.

Павлодар полициясының бұған дейінгі басшысы, генерал-мвйор Мұрат Тұмарбеков ҚР ІІМ-нің 5-наурыздағы бұйрығымен резервке жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны