Павлодар облысы Полиция департаментінің жаңа бастығы болып Нұрлан Мәсімов тағайындалды
Нұр-Сұлтан. 4 қараша. Kazakhstan Today - ІІМ-нің басшысы Павлодар облысы Полиция департаментінің жаңа бастығын таныстырды.
Президент Әкімшілігінің және облыс әкімінің келісімі бойынша Павлодар облысының Полиция департаменті бастығының лауазымына Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімов тағайындалды.
Полиция генерал-майоры Әубәкіров Амантай Акрамұлы лауазымынан босатылды, ол қызметін ІІМ-нің орталық оталық аппаратында жалғастырады.
Полиция департаментінің жаңа бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.
Н.М. Мәсімов 1973 жылы туған, ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық лауазымдардағы тәжірибесі мол.
9 жыл бойы Алматы облысының және Алматы қаласының полиция департаменттері бастығының бірінші орынбасары болып қызмет етті. Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап ІІМ орталық аппаратының Департаментін басқарды.
Қызмет өткеру кезеңінде өзін сауатты әрі білікті басшы ретінде көрсете білді.
Сонымен бірге жеке құрамға облыстың Полиция департаментібастығының орынбасары болып тағайындалған полиция полковнигі Омаров Фархад Мұратбекұлы таныстырылды.
Министр жаңа басшыларды тағайындалуларымен құттықтап, олардың, сондай-ақ облыстық полиция жеке құрамының алдына Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі істер органдарына белгілеген бірқатар нақты міндеттер қойды.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, ішкі істер органдарын жаңғырту, бірінші кезекте, қоғамның талаптарына жауап беретін, заманауи қауіп-қатерлер жағдайларында қылмысқа қарсы тиімді іс-қимылға дайын жаңа форматтағы полицияны қалыптастыруға бағытталған", деп атап өтті министр Ерлан Тұрғымбаев.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Жұмыс алдын алу қағидаты бойынша жүргізілуі тиіс - Қанат Бозымбаев Абай облысында су тасқынына дайындық барысын тексерді
Жалпы дайындық жұмыстары жүргізілуде. Алайда әуеден шолу нәтижелері ауа температурасының күрт көтерілуі және қардың қарқынды еруі жағдайында жекелеген учаскелерде ахуалдың күрделену қаупі сақталып отырғанын көрсетті. Осыған байланысты өзен арналары мен су өткізу құрылыстарын уақытылы тазалауға, техника, сорғы жабдықтары және авариялық бригадалардың дайындығына ерекше назар аудару қажет. Гидрометеорологиялық жағдай өзгерген кезде әрекет ету жедел болуы тиіс. Жұмыс алдын алу қағидаты бойынша жүргізілуі тиіс", - деді вице-премьер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мемлекет басшысы "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусинді қабылдады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
IT-Aiel және AqylTech: әйелдер мен жастарға жаңа цифрлық мүмкіндіктерIT-Aiel және AqylTech: әйелдер мен жастарға жаңа цифрлық мүмкіндіктер
Бұл - тек оқыту емес. Бұл - экономикалық қайта әлеуметтендіру. Әсіресе 40-тан асқан әйелдер үшін бұл - жаңа өмір бастау мүмкіндігі. Қатысушылар промпт-инженер, чат-бот жасаушы, ЖИ-графикалық дизайнер, бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеуші, цифрлық маркетинг, e-commerce сияқты мамандықтарды меңгеруде. Сонымен қатар киберқауіпсіздік, интернет-алаяқтықтан қорғану, қаржылық сауаттылық негіздері де қамтылған. 2025 жылы жобаға Өзбекстан, Түркия және Қырғызстаннан әйелдер қатысып, олардың үлесі 7%-ды құрады", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда 27 мыңнан астам нысан мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген
Аманат" партиясының Жол картасында 2023-2027 жылдар аралығында Қолжетімділіктің интерактивті картасына (бұдан әрі - Карта) енгізілген 40 мыңнан астам нысанды бейімдеу көзделген. Жыл сайын нысандардың 20%-ы бейімделіп отырады. Осылайша, 2023 жылы - Картадағы нысандардың 20%-ы, 2024 жылы - 40%, 2025 жылы - 60%, 2026 жылы - 80%, 2027 жылы - 100% бейімделуі тиіс.
- денсаулық сақтау нысандары - 4 570;
- білім беру нысандары - 9 083;
- мәдениет нысандары - 2 166;
- сауда және қызмет көрсету нысандары - 5 314;
- мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар - 4012;
- өзге де нысандар - 2 538.
- Астана қаласы - 810 нысан;
- Алматы қаласы - 5 780 нысан;
- Шымкент қаласы - 1 401 нысан;
- Абай облысы - 872 нысан;
- Ақмола облысы - 1 265 нысан;
- Ақтөбе облысы - 898 нысан;
- Алматы облысы - 1 055 нысан;
- Атырау облысы - 1 438 нысан;
- Шығыс Қазақстан облысы - 1 221 нысан;
- Жамбыл облысы - 1 084 нысан;
- Жетісу облысы - 954 нысан;
- Батыс Қазақстан облысы - 1 360 нысан;
- Қарағанды облысы - 1 281 нысан;
- Қостанай облысы - 1 367 нысан;
- Қызылорда облысы - 1 567 нысан;
- Маңғыстау облысы - 703 нысан;
- Павлодар облысы - 1 158 нысан;
- Солтүстік Қазақстан облысы - 1 038 нысан;
- Түркістан облысы - 2 286 нысан;
- Ұлытау облысы - 145 нысан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
IT-Aiel және AqylTech - қаржылық және цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған ауқымды әрі нәтижелі бастама
Былтыр жоба қарқынды даму кезеңінен өтті және нақты нәтижелер көрсетті. Онлайн және офлайн форматта өткен оқыту аясында 11 мыңнан астам қатысушы қамтылды. Осы бағыттағы ағартушылық жұмыстың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 157 тренерге арнайы оқыту ұйымдастырылды. Республикалық шаралармен қатар ТМД-ға мүше мемлекеттердің басын қосып, халықаралық үздік жобалар байқауы өткізілді", - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
IT-Aiel және AqylTech қаржылық және цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған ауқымды әрі нәтижелі бастама. Қалыптасқан LMS платформа тренерлер базасы және кеңейген серіктестік желі жобаның тұрақты әрі ұзақ мерзімді жалғасуына негіз болады", - деді ведомство өкілі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
6 760 мектеп мектептегі тамақтануды "Әлеуметтік әмиян" арқылы цифрлық есепке алуға көшті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Газ саласында 25 жаңа перспективалы учаске геологиялық барлауға енгізіледі
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мемлекет басшысы энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
05.03.2026, 19:00Ереванда қазақ-армян гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту мәселесі талқыланды 05.03.2026, 18:58 34486Словениядағы қазақстандық қауымдастықпен кездесуде Конституциялық реформа талқыланды05.03.2026, 15:54 29246Вашингтонда Орта дәлізді дамыту және өңірлік ынтымақтастық басымдықтары талқыланды05.03.2026, 14:43 29211Маңғыстауға Таяу Шығыстан оралған қазақстандықтардың кезекті легі келді05.03.2026, 13:35 29161Қазақстан мен Грекия ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын нақтылады
04.03.2026, 10:54 237011Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады26.02.2026, 22:48 229856Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты26.02.2026, 23:25 229336Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде26.02.2026, 17:47 229331Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 18:49 229286Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда

