21.05.2007, 11:57 3000

Павлодардың қаржы полицейлері порнографиялық бейнеөнімдерді сатып жүрген адамды құрықтады

ПАВЛОДАР. 21-мамыр. Kazakhstan Today. Павлодардың қаржы полицейлері порнографиялық бейнеөнімдерді сатып жүрген адамды құрықтады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 36 жастағы еркек қылмыс үстінде ұсталды. "Ол еркін айналымға жіберуге тыйым салынған ақпараты бар бейнеөнімдерді қаладағы бңр дүкен арқылы сатып келген",- дейді қаржы полициясындағылар. Тінту кезінде одан порнографиялық бейнеөнімдері бар 32 диск тәркіленді. Сонымен бірге оперативтік қызметкерлер осы жерден көркем фильмдер мен клиптер жазылған 143 контрафактылық дискілерді тапты.

Ұсталғанның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің (порнографиялық материалдар мен заттарды сату үшін заңсыз дайындау) жөніндегі 273-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, егер сот ер адамды айыпты деп тапқан жағдайда оған порнграфиялық өнімдерді сатқаны үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айрылу қаупі төнеді. Қазір тергеу осынау бейнеөнімдердің шығу тегін анықтау үстінде.

Қаржы полициясының хабарлауынша, бұл - қаладағы сауда орындарында порнографиялық өнімдердің табылуына қатысты бірінші оқиға. Жыл басынан бері жалпы алғанда контрафактылық аудио және бейнеөнімдерді сату және санаткерлік меншік құқықтарын бұзу деректері үшін 12 қылмыстық іс қозғалған. Шығын көлемі 6,8 млн теңгеден асады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны