22.04.2008, 18:01 2967

Петропавлда бір фирманың есебінен Интернетті заңсыз пайдаланып келген алаяқ тұтқындалды

Петропавлда бір фирманың есебінен Интернетті заңсыз пайдаланып келген алаяқ тұтқындалды

Астана. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Облыстық криминалдық полиция басқармасының "К" бөлімінің қызметкерлері Интернетке заңсыз қосылу есебінен Петропавл фирмаларының біріне 100 мың теңге шамасындағы шығын келтірген алаяқтық оқиғаны анықтады, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Жарияланған баспасөз релизінен мәлім болғандай, фирмалардың директорының біріне Интернетті пайдаланған есепшот келген. Интернетке шығу уақытын тексеру кезінде Интернетті кешкі және түнгі уақыттарда ұзақ уақыт пайдалану оқиғалары іске асқаны анықталған. Ол кезде фирмада ешкім жұмыс істемеген.

Ақпараттық технология саласындағы қылмыстарды анықтайтын "К" тобының мамандары "Қазақтелеком" АҚ-на тиісті сұраулар жіберген.

Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Сергей Пуртовтың айтуынша бұл сұрауларға келген жауаптар өзіне белгілі фирма компьтерлерінің мәліметтерін пайдаланған компьютерші маманмен істес болу жайындағы қызметкерлердің болжамдарын айғақтаған.

"Кейін белгілі болғандай фирма бухгалтері оны электронды жәшіктегі олқылықтардың орнын толтыру үшін жалдаған екен. Фирманың паролі мен логинін есіне сақтаған компьютерші үстіміздегі жылдың 30 қаңтарынан бастап 20 ақпанына дейін өзінің үйіндегі компьютерінен бірнеше мәрте Интернетке фирма есебінен шыққан", - деп атап көрсетілген баспасөз релизінде.

Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 182-бабы (алдау немесе сенімді асыра пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғау үшін істің ақ-қарасын анықтайтын органдарға берілді.

"Компьютерлік технология саласындағы алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғау үшін Солтүстік Қазақстан облысында алғаш рет іс дайындалып жатыр", - деп атап көрсетілген баспасөз релизінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны