25.12.2009, 18:04 2774

Петропавловск қаласында "Қызылжар" кеден бекеті бастығының бұрынғы орынбасарына қатаң тәртіптегі абақтыда 10 жыл мерзіммен бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды

Петропавловск қаласында "Қызылжар" кеден бекеті бастығының бұрынғы орынбасарына қатаң тәртіптегі абақтыда 10 жыл мерзіммен бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды

Петропавловск. 25 желтоқсан. Kazakhstan Today - Петропавловск қаласында "Қызылжар" кеден бекеті бастығының бұрынғы орынбасары Руслан Смағұловты қатаң тәртіптегі абақтыда 10 жыл мерзіммен бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, "Қызылжар" кеден бекеті бастығының бұрынғы орынбасары бірнеше мәрте заңсыз әрекеттермен героин сатып алып, оны одан әрі заңсыз сату үшін сақтаған".

Атап айтсақ, "қызмет бабын пайдалана отырып және есірткілік заттардың контрабандасының жолын кесу бойынша өзінің қызмет бабындағы көрсеткіштерді көтеру үшін", өзі жұмыс істейтін кеден бекеті арқылы есірткі тасымалдату үшін адамдарды жалдаған.

Ол үшін Р. Смағұлов өзіне екі көмекші тапқан, олар "есірткіге тәуелді адамдардың қатарынан Ресей Федерациясына "Қызылжар" кеден бекетінің жұмыс аймағы арқылы өтетін адамдарды іздеу және одан әрі оларды ұстау" міндеттері жүктелген", - делінген іс материалдарында.

"Көмекшілер ҰҚК-іне шағымдана келген. Арнайы қызмет мамандары героиннің орнына жалған зат беріп жіберген. Жоғалған героин үшін және өзіне бағынбағаны үшін Р. Смағұлов өз көмекшілерін соққыға жыққан. Кешікпей ол қолға түсті", - делінген іс материалдарында.

Сот "Қызылжар" кеден бекеті бастығының бұрынғы орынбасары Руслан Смағұловты мүлкін тәркілей отырып, қатаң тәртіптегі абақтыда 10 жыл мерзіммен бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Ал кеден бекеті бастығының бұрынғы орынбасары өзінің айыбын мойындаған жоқ, есірткіге қатысы бар екенін де жоққа шығарды. Оның қорғаушылары апелляцияға дайындалуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны