26.05.2010, 16:45 2883

Петропавловск қаласында соттың шешімімен үш жетім балаға осыдан оншақты жыл бұрын айрылып қалған пәтерлері қайтарылды

Петропавловск қаласында соттың шешімімен үш жетім балаға осыдан оншақты жыл бұрын айрылып қалған пәтерлері қайтарылды

Петропавловск. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Петропавловск қаласында соттың шешімімен үш жетім балаға осыдан оншақты жыл бұрын айрылып қалған пәтерлері қайтарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, үш жетім бала ата-аналарының бейқамдығы мен мемлекеттік органдардың кінәсіне байланысты екі бөлмелі пәтерлерінен айрылып қалған. Ата-анасы мен үш бала өмір сүрген пәтер жекешелендірілген кезде меншік иелерінің тізіміне екі бала кірмей қалған.

"Бұдан кейін бұл пәтерді балалардың анасы олардың мүддесімен санаспастан жатақханадағы екі бөлмеге алмастырған. Анасы қайтыс болғаннан кейін балалар жетімдер үйіне өткен, ал қамқорлық органдары жетім балалардың мүлкіне қатысты мәселені ешқашан көтермеген. Жатақханадағы бөлмелерді бөтен адамдар иемденіп алған және мүлікті жариялы болдыру туралы заңның құзыры жүрген кезде бұл бөлмелерді иемдену құқығы заңды жолмен рәсімделген", -деп хабарлайды прокуратурадағылар.

"Петропавловск қалалық прокуратурасы бұл деректер бойынша мұқият тексеру жүргізді. Тексеру аяқталған соң қалалық сотқа балалардың мүддесіне сай пәтерді қайтару жөнінде шағым жолданды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Сот шағымды толық қанағаттандырды", - деп хабарлайды прокуратурадағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны